
2026 жылдың 31 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Әлмеш Баукен Серікұлының төрағалығымен аппараттық кеңес өткізілді.
Жиын барысында департаменттің бөлім басшылары 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде баяндама жасады. Әр бағыттағы қызметтің тиімділігі сараланып, негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізілді.
Кеңес қорытындысында департамент басшысы жүзеге асырылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады. Сонымен қатар, келесі тоқсанда атқарылатын міндеттер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.