
2026 жылдың 30 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінде қызметкерлерімен «Іскерлік әдеп және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ діни сенім бостандығын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұзақбай Оразгелдіұлы сөз сөйлеп, қызметтік этика талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және діни сенім бостандығына қатысты қолданыстағы заңнама нормалары жөнінде кеңінен түсіндірме берді. Сонымен қатар, қызметкерлерді қандай да бір діни көзқарасты ұстануға мәжбүрлеуге жол бермеу, діни бірлестіктер қызметіне еріксіз тарту әрекеттерінің алдын алу, сондай-ақ діни экстремизм мен теріс ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелері қамтылды. Семинарда сондай-ақ қызметтік тәртіпті сақтау, іскерлік әдеп нормаларын ұстану және ойын-сауық орындарына барудан тартыну қажеттілігі түсіндірілді. Департаменттің бөлім басшысы Э. Абдыкаликова еңбек тәртібін сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.