
2026 жылдың 30 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Әділет кеңес береді «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара барысында департаменттің сала мамандары, нотариустар мен адвокаттар тұрғындарды қабылдап, олардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Азаматтарға кешенді құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шара аясында жасанды интеллект негізінде әзірленген цифрлық көмекші – чат-бот таныстырылды. Қатысушыларға «Тараптар кабинеті» және робот сот орындаушы жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі кеңінен түсіндірілді.