Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысының бұйрығына сәйкес, Баукен Серікұлы Әлмеш 2026 жылғы 26 наурыздан бастап Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Әлмеш Баукен Серікұлы 1991 жылғы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асық-Ата кентінде дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжін, 2012 жылы Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде іс жүргізуші қызметінен бастаған.

Әр жылдары:

• ОҚО Әділет департаментінде, Шымкент қаласы және аудандық Әділет басқармаларында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген;
• тіркеу, зияткерлік меншік құқығы, құқықтық түсіндіру және заң көмегін көрсету салаларында қызмет атқарған;
• 2017–2019 жылдары Алматы облысы Әділет департаментінің Ескелді ауданы Әділет басқармасының басшысы;
• 2019–2023 жылдары Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
• 2023 жылғы 28 қарашадан 2026 жылғы 26 наурызға дейін Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл 2 ай. Мемлекеттік қызмет өтілі – 13 жыл 8 ай 4 күн.

Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.