Отандық өнімдерді қолдайық

Отандық өнімдерді қолдайық

Отандық өнімдерді қолдайық

Географиялық нұсқама дегеніміз – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Белгі тек белгілі бір аумаққа қатысты өнімнің шыққан жерін көрсететін болса ғана географиялық нұсқаманың қызметін атқара алады.
Географиялық нұсқама ауылшаруашылық өнімдеріне, тамақ өнімдеріне, шараптар мен спирттік ішімдіктерге, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады. Бұған дейін географиялық нұсқама статусы Алматының әйгілі апортына берілген болатын.
Қызылорда облысының Әділет департаменті облыс әкімдігімен бірлесе Қызылорда облысының аумағында өндірілетін танымал өнімдерді сараптап, оларды «ұлттық бренд» ретінде тіркеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бүгінгі күні 13 өнім географиялық нұсқама ретінде тіркеліп, «ұлттық бренд» статусына ие болды.
Олар:
1. Қызылорданың күріші;
2. Қызылорданың тұзы;
3. Жайылманың қарбызы;
4. Қазалының конфеті;
5. Жаңақорғанның жүгері сусыны;
6. Арал теңізінің көксерке сүбесі;
7. Аралдың түйе сүтінен жасалған сабыны;
8. Аралдың жантақ өсімдігі қосылған емдік сабыны;
9. Қазалының сабыны;
10. Шиелінің құрты;
11. Шиелінің түйе сүтінен жасалған балмұздағы;
12. Жаңақорғанның бал арасы;
13. Жаңақорғанның тарысы.

Ендігі жерде осы өнімдердің танымалдылығын одан әрі арттыру және коммерцияландыру аясын кеңейту кезек күттірмес қадамдардың қатарында.
Қызылорда өңірінің «ұлттық бренд» өнімдерін нарықта ілгерілету, жергілікті өндірушілердің сауда желілеріне қолжетімділігін кеңейту және әріптестік орнату, шетелдік нарыққа шығару арқылы әлемге таныту - отандық кәсіпкерлердің «еншісінде». Патриот кәсіпкерлер отандық өнімдерді дамыту арқылы экономикалық патриотизмді нығайтып, еліміздің өндірістік әлеуетін арттырады.
Біздер отандық кәсіпкерлерді отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз.

Қызылорда облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі