
16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Депатамент ұжымы Облыстық Өлкетану музейіне барып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында тарихи жәдігерлер, археологиялық олжалар, өнер туындылары, этнографиялық бұйымдар, құжаттар, сирек кездесетін заттар және табиғатқа қатысты экспонаттармен танысып, экскурсия жасады.