
2026 жылдың 13 наурызында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда қалалық прокуратурасы мен Қызылорда қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары, адвокаттар, жеке сот орындаушылар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, қала тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, қажетті түсіндірмелер ұсынды. Сонымен қатар қандай да бір қаржылық алаяқтыққа жоламау, қаржылық сауатты болу қажет екендігі түсіндірілді.
Акция барысында тұрғындарға «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеңіз!» тақырыбында арнайы дайындалған үнпарақтар таратылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.