Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-де орналасқан «Құқық кабинеті» жұмысының барысымен танысты

Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-де орналасқан «Құқық кабинеті» жұмысының барысымен танысты

2026 жылдың 12 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің өкілдері Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-де орналасқан «Құқық кабинеті» жұмысының барысымен танысты. Аталған кабинет тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық көмек көрсету мақсатында жұмыс істеп келеді. Тексеру барысында кабинеттің қызметі жан-жақты қаралып, оның жұмысы белгіленген талаптарға сай әрі жүйелі түрде ұйымдастырылғаны анықталды. Сондай-ақ азаматтарға сапалы құқықтық кеңес беру үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлардың толық қамтамасыз етілгені байқалды.