«Құқықтық дәріхана» жобасы өткізілді

«Құқықтық дәріхана» жобасы өткізілді

2026 жылдың 11 наурызында «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» жобасы өткізілді. Жобаға Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Ғ. Сұлтанова және сала мамандары қатысты.Іс-шараның мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарға түсіндірмелер алды.