
2026 жылдың 10 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің Қармақшы ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің филиал басшысы, аға сот орындаушы Баекеева Жанат Кенжебаевна Байқоңыр қаласының прокуратурасы өкілдерімен бірлесіп Төретам кенті мен Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін «Заң және тәртіп» тақырыбында қоғамдық қабылдау өткізді. Іс-шара барысында тұрғындарға заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық сипаттағы сұрақтарына жауаптар мен түсіндірмелер берілді.