
2026 жылдың 5 наурызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің өкілдері Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-де тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған «Құқық кабинеті» қызметімен танысты. Тексеру барысында кабинеттің қызметі зерделеніп, оның жұмысы белгіленген талаптарға сәйкес әрі жүйелі ұйымдастырылғаны анықталды. Сонымен қатар, азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін қажетті барлық ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар қарастырылғаны белгілі болды.