Қызылорда Болашақ университетінің заң факультеті студенттерімен кездесу өткізді

Қызылорда Болашақ университетінің заң факультеті студенттерімен кездесу өткізді

2026 жылдың 5 наурызында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қызылорда Болашақ университетінің заң факультеті студенттерімен кездесу өткізді. Аталған шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің «Қызылорда қаласының №2 мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің» сот орындаушысы Есентай Гульнур Есентайқызы және Қызылорда облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Нурбаева Инкар Кеңесқызы қатысты. Кездесу барысында мамандар Әділет органдарының құзыретіне кіретін қызмет бағыттары туралы айтып, қолданыстағы заңнамаға қатысты құқықтық түсіндірмелер берді. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті кеңестер ұсынылды. Шара соңында Қызылорда Болашақ университетінде ашылған Заң клиникасының алдағы қызметі талқыланып, оның жұмысын ұйымдастыру мәселелері пысықталды.