Кәсіпкермен кездесу

Кәсіпкермен кездесу

Кәсіпкермен кездесу

2026 жылдың 2 наурызында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Әділет департаментінің бөлім басшысы Ш.Бегежанова жергілікті кәсіпкермен кездесу өткізді. Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны С.Аралбаева «Ақсуат» атауымен шұлық шығаратын цехты іске қосқан.
Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасымен жеңілдетілген несие арқылы, соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғылар сатып алған. Бүгінде бұл кәсіпорын жыл мезгілдеріне арналған шұлықтың түр-түрін дайындап, сатылымға шығара бастаған. Кәсіпкердің айтуынша өнімге сұраныс мол. Сондай-ақ, Қазақстанның өзге қалаларында өтіп жатқан жәрмеңкелерге де қатысып, өз өнімінің сапасын дәлелдеп келеді.
Кездесу барысында кәсіпкерге тауар таңбасын, қызмет көрсету белгісін тіркеу мәселелері бойынша түсіндірмелер айтылып, заңгерлік кеңестер берілді.