Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлеріне Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында семинар өткізді

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлеріне Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында семинар өткізді

2026 жылдың 27 ақпанында Қызылорда облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Абдыкаликова Эльмира Саримсаковна Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлеріне Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, жаңартулардың құқықтық маңызы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, енгізілетін өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласына әсері туралы мазмұнды ақпарат берілді.