
«Қызылорда қаласының №1 мәжбүрлеп орындау аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Айбусынова Алия Ахметқызымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 29.05.2025 жылғы Қызылорда қаласы, Марал Ишан №43 мекен жайындағы орналасқан жер учаскісінің шекара шебінен шығып, көлемі 4,26 шаршы метр болатын мемлекеттік меншіктегі заңсыз иеленген жер учаскесіне өз бетінше салған қоршау (дарбазаны) «Завод копозитных труб» ЖШС-на өз қаражатынан бұзу міндеттеу туралы атқару парағы орындауға түскен. Аталған сот актісі 27.02.2026 жылы мемлекеттік сот орындаушысымен заңсыз салынған құрылыс, қоршау бұзылды. Сот актісі толық нақты орындалды.