«Тараптар кабинеті» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, оның азаматтарға қолайлылығы мен ашықтықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен түсіндірді

«Тараптар кабинеті» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, оның азаматтарға қолайлылығы мен ашықтықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен түсіндірді

2026 жылдың 26 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Абсат Жандос Дәуренбекұлы облыстық «Qyzylorda» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасында тікелей эфир қонағы болды. Эфир барысында бөлім басшысы атқарушылық іс жүргізу саласындағы цифрландыру бағытында енгізілген «Тараптар кабинеті» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, оның азаматтарға қолайлылығы мен ашықтықты қамтамасыз етудегі рөлі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінің артықшылықтары, оны қолдану ерекшеліктері және бұл қызметтің уақыт үнемдеуге, рәсімдерді жеделдетуге ықпалы жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.