Әдістемелік көмек көрсету мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта семинар өткізілді

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта семинар өткізілді

2026 жылдың 25 ақпанында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері, «ҰАТ» Акционерлік қоғамының өкілі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының АХАТ бөлімдерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта семинар өткізілді. Аталған семинарда мұрағат жазбаларының «Е - Архив» қосалқы жүйесіне енгізілуін қадағалау, азаматтардың дербес мәліметтерін өзектендіру тәртібі, дербес деректердің дұрыстығы мен қауіпсіздігін сақтау талаптары бойынша пікір алмасты.