№3 қалалық емхананың қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді

№3 қалалық емхананың қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді

2026 жылдың 24 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында Қызылорда облысының Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Абсат Жандос Дәуренбекұлы мен бөлімнің бас маманы Сапарбеков Бижан Калилаевич №3 қалалық емхананың қызметкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді. Іс-шара барысында бөлім басшысы «Тараптар кабинеті» сервисінің мүмкіндіктері мен оңайлатылған іс жүргізу тәртібі туралы жан-жақты түсіндіріп, аталған қызметтердің азаматтар үшін тиімді тұстарына тоқталды. Қызметкерлерге электрондық сервистердің жұмыс істеу алгоритмі таныстырылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, жиі кездесетін алаяқтық әрекеттердің алдын алу жолдары түсіндіріліп, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, күмәнді хабарламалар мен қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді. Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тиісті құқықтық кеңестер ұсынылды.