«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер көрсетіле бастады

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер көрсетіле бастады

Қызылорда облысы Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы бастамалардың аясында 2026 жылдың 18 ақпанынан бастап тұрғындарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер көрсетіле бастады. Аталған бейнероликтер құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге, адалдық қағидаттарын насихаттауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.