Авторлық құқық — бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты құқықтық нормалар жиынтығы.

Авторлық құқық — бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты құқықтық нормалар жиынтығы.

Авторлық құқық — бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты құқықтық нормалар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген басты қағида: авторлық құқық туындының жасалу фактісіне байланысты туындайды. Оның пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін ешқандай арнайы тіркеу талап етілмейді. Сіз мәтінді жазып біткен немесе суретке түсірген сәтте-ақ автоматты түрде автор боласыз және сіздің туындыңыз заңмен қорғалады.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
• жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
• ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
• үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
• бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);
• көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);
• өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
Қазақстан Республикасында авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.