
Қызылорда облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтық ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету және цифрлық қызметтердің тиімділігін арттыру бағытында бірқатар жүйелі шараларды іске асыруда. Осы бастамалар аясында тұрғындарға жедел, ыңғайлы әрі қолжетімді құқықтық кеңес ұсынатын жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қызметін насихаттау мақсатында Қармақшы ауданы, Жосалы кенті орталық алаңында арнайы ақпараттық бейнероликтер көрсетілуде. Аталған бейнероликтер арқылы тұрғындар цифрлық сервистің мүмкіндіктерімен танысып, құқықтық көмек алудың жаңа әрі тиімді тәсілдері жөнінде жан-жақты мәлімет алуда.