Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинар өтті

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинар өтті

2026 жылдың 20 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - Конституциялық реформалардың мазмұнын жан-жақты түсіндіру және олардың қоғам үшін маңызын кеңінен насихаттау. Семинар барысында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы сөз сөйлеп, Жаңа Конституция жобасының азаматтарға кеңінен түсіндіріліп жатқанын, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Әкімшілік бөлімінің басшысы Абдыкаликова Эльмира Сарымсаковна заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтарға, нақты өзгерістер мен толықтырулардың мазмұнына тоқталып, олардың құқықтық жүйеге ықпалын түсіндірді. Сондай-ақ семинарға AMANAT партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы қатысып, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің адам құқықтарын қорғау саласындағы маңызына тоқталды.