
2026 жылдың 18 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Нурбаева Инкар Кеңесқызы Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет алушыларына кездесу өткізіп, құқықтық көмек көрсетті. Сала мамандары қызмет алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс пікірлер назарға алынды.