
Қызылорда облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту және цифрлық трансформация үдерістерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Тоқта, Контрафакт» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер Арал ауданы, Арал қаласының орталық алаңдарында көрсетілуде.