«Тоқта, Контрафакт» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында көрсетілуде

«Тоқта, Контрафакт» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында көрсетілуде

Қызылорда облысы Әділет департаменті азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту және цифрлық трансформация үдерістерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Тоқта, Контрафакт» тақырыбындағы ақпараттық бейнероликтер Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында көрсетілуде. Аталған бейнематериалдар контрафактілік өнімдердің алдын алу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.