«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді

2026 жылдың 13 ақпанында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Абсат Жандос Дәуренбекұлы «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар атқарушылық іс жүргізу аясында банктік есепшоттарды бұғаттан алу тәртібі, атқарушылық құжат тіркелген жағдайда есепшоттың бұғатталғаны туралы мәліметті қайдан және қалай білуге болатыны жөнінде қойылған сауалдарға толық жауап алды. Кездесу аясында азаматтарға «Тараптар кабинеті» жүйесінің артықшылықтары таныстырылып, оны пайдалану тәсілі мен қолжетімді қызметтері туралы кеңінен ақпарат ұсынылды.