«Заң және қоғам» тақырыбында Қызылорда қалалық жастар орталығы ғимаратында студенттермен ашық форматтағы кездесу өткізілді

«Заң және қоғам» тақырыбында Қызылорда қалалық жастар орталығы ғимаратында студенттермен ашық форматтағы кездесу өткізілді

2026 жылдың 13 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде «Заң және қоғам» тақырыбында Қызылорда қалалық жастар орталығы ғимаратында студенттермен ашық форматтағы кездесу өткізілді. Кездесуге Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және департамент сала мамандары қатысып, жастарға заң талаптарын сақтау, тегін заң көмегін пайдалану мүмкіндіктері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қызметін тиімді қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, білімді де білікті ұрпақ ретінде ел болашағына үлес қосу қажеттігі атап өтілді. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны кеңінен баяндалды. Кездесу соңында студенттерге чат-бот қызметі туралы ақпараттық брошюралар таратылды.