
2026 жылдың 13 ақпанында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Анаға тағзым» орталығы ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында Департамент басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бұл бағыттағы жүйелі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Семинарға «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол Ұзақұлы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанар Жалғасбайқызы Қозбағарова қатысып, сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері, оның құқықтық салдары және алдын алу тетіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Жиын соңында қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.