
2026 жылдың 11 ақпанында Қызылорда облысы Әділет департаменті Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ашылған «Құқық кабинетінің» жұмысымен танысты. Зерделеу барысында аталған кабинеттің қызметі жүйелі түрде ұйымдастырылғаны, сондай-ақ азаматтарға сапалы құқықтық көмек көрсетуге қажетті жағдайлардың толық қамтамасыз етілгені белгілі болды.