
2026 жылдың 11 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау шеңберінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлының, департамент сала мамандары мен нотариустардың қатысуымен Қарауылтөбе ауылы тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына құқықтық бағыттағы мәселелер бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, танымдық әрі ақпараттық мәліметтер ұсынылды. Мамандар азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріп, көтерілген сұрақтарға нақты әрі заң аясында жауаптар қайтарды. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясына негізделген цифрлық көмекші – чат-боттың мүмкіндіктері таныстырылып, оны пайдалану жолдары түсіндірілді. Осы мақсатта тұрғындарға арнайы ақпараттық брошюралар таратылды. Кездесу аясында «Тараптар кабинеті» сервисі, робот-сот орындаушының қызметі және оның жұмыс тәртібі туралы да жан-жақты мәлімет берілді.