Пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өтті

Пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өтті

2026 жылдың 11 ақпанында облыстық Жастар ресурстық орталығында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау аясында пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары қатысып, Конституцияға енгізілген өзгерістердің қоғам дамуына ықпалы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Іс-шара барысында конституциялық реформалардың мәні мен енгізілген жаңашыл өзгерістер кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында мамандар пробация есебіндегі жастардың сауалдарына жауап беріп, заң талаптарын сақтау маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Қызылорда қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Г. Байсариева жастармен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, олардың құқықтық тәртіпті ұстану және қоғамға бейімделу бағытындағы жауапкершілігін ерекше атап өтті.