
Географиялық нұсқама дегеніміз не?
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың құқықтық құралдарының бірі осы саладағы бұзұшылықтардың жолын кесу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Яғни, бөтеннің тауар белгілерін заңсыз пайдалануды болдырмау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
2022 жылғы 20 маусымда ұлттық заңнамаға «географиялық нұсқама» атты жаңа өнеркәсіптік меншік объектісі енгізілді.
Географиялық нұсқама дегеніміз – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме.
Белгі тек белгілі бір аумаққа қатысты өнімнің шыққан жерін көрсететін болса ғана географиялық нұсқаманың қызметін атқара алады.
Географиялық нұсқама ауылшаруашылық өнімдеріне, тамақ өнімдеріне, шараптар мен спирттік ішімдіктерге, қолөнер мен өнеркәсіп өнімдеріне қолданылады.