
2026 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Халық партиясы кеңсесінде «Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Конституцияның жаңа жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіру, олардың ел дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тигізер ықпалын талқылау. Шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары, адвокаттар, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастар ресурстық орталығының басшылары қатысты. Қатысушылар өз салалары бойынша Конституциялық реформалардың маңыздылығына тоқталып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел қорытындысында Конституцияның жаңа жобасын қоғам арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығы атап өтілді.