
2026 жылдың 6 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары мен адвокаттар «Анаға тағзым» орталығында студент жастармен «Жаңа Конституция – жастар көзімен» тақырыбында ашық форматтағы кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мәні мен маңызын түсіндіріп, жастарға жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері мен жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қызметі туралы мәліметтер ұсынылды. Шара соңында студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға сала мамандары тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.