Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

2026 жылдың 4 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы, департаменттің сала мамандары мен адвокаттардың қатысуымен Белкөл кенті тұрғындарына «Әділеткеңесбереді» акциясы негізірде Ашық есік күні өтті. Акция барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріліп, ақпараттық-танымдық мәліметтер ұсынылды. Мамандар тұрғындарға тегін заң көмегін көрсетіп, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берді. Сонымен қатар, қандай да бір қаржылық алаяқтыққа жоламау, қаржылық сауатты болу, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін цифрлық көмекші — чат-бот қызметін таныстыру мақсатында тұрғындарға арнайы брошюралар таратылып, қосымшаны пайдалану тәртібі түсіндірілді. Жиын барысында «Тараптар кабинеті», робот-сот орындаушының қызметі мен оның жұмыс істеу ерекшеліктері туралы да кеңінен ақпарат берілді. Акция соңында Әділет органдары өз құзыреті шеңберіндегі кез келген сауалдар мен туындаған мәселелер бойынша тұрғындарға әрдайым бағыт-бағдар беруге дайын екендігін жеткізді.