ҚР Әділет министрлігінде Конституцияның жаңа редакциясы жобасын талқылауға арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ҚР Әділет министрлігінде Конституцияның жаңа редакциясы жобасын талқылауға арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың қатысуымен ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында Жаңа Конституцияның жобасы қаралды. Жиынға Қазақстан заңгерлер одағының, Халықаралық заңгерлер қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ адвокатура, нотариат және өзге де құқықтық институттар мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңесте Конституцияға енгізілетін жаңартулар Пreamбуладан бастап, конституциялық құрылым негіздері, жария билікті ұйымдастыру, сот төрелігі мен мемлекеттік басқару тетіктеріне дейін барлық бөлімдерді қамтитыны айтылды. Сонымен қатар қатысушылар жаңа Конституция жобасындағы негізгі жаңашылдықтарға тоқталып, құжаттың ашық форматта әзірленіп, жарты жыл бойы талқыланғанын және Әділетті Қазақстанның негізгі конституциялық құндылықтары айқын көрініс тапқанын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасының қазіргі заман талаптарына, қоғам сұранысына, адам құқықтарының басымдығына және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына толық сәйкес келетінін жеткізді.