
Қызылордалық брендтер Дубай төрінде
Географиялық нұсқама ретінде тіркелген Қызылорданың күріші және Қызылорданың тұзы Дубай қаласында өтіп жатқан ең ірі тағамдар мен сусындар көрмесі Gulfood 2026-ға қатысуда. «Абзал и К» толық серіктестігі мен «Ассоль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның атынан тұңғыш рет ашылған Ұлттық павильонда еліміздің намысын қорғап жатыр. Отандық өнімнің сапасын әлемге танытып, ұлттық бренд қалыптастырудағы жерлестеріміздің орасан зор еңбектеріне сәттілік тілейміз.