
2026 жылдың 30 қаңтарында Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінде «Жастар және заң» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету мақсатында өтті. Семинарға Қызылорда облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова және Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Косбергенова қатысып, студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, тегін заң көмегін алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жасанды интеллект чат-бот қызметі жайлы, заң талаптарын қатаң сақтау және өз құқықтарын білу қажеттігін түсіндірді.