ҚР ӘҚБтК- нің 670-бабының 1-тармағымен хаттама толтырып, айыппұл салынды

ҚР ӘҚБтК- нің 670-бабының 1-тармағымен хаттама толтырып, айыппұл салынды

2026 жылдың 30 қаңтарында “Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалының басшысы-аға сот орындаушысы Ғ.Сұлтановамен жеке сот орындаушысынан түскен борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы негізінде алимент берешегі жинақталып, төлем жасамай жүрген борышкер К. М-ға ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-тармағына сәйкес атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды. Нәтижесінде Арал аудандық сотының қаулысына сәйкес борышкерлерге айыппұл салынды. Сондай-ақ сот орындаушысының шақыруына келмеген борышкер Т. Е-ге ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 1-тармағына сәйкес хаттама толтырып, қаралу үшін аудандық сотқа жолданды және жеке сот орындаушысының қаулысын орындамаған тұлғаға ҚР ӘҚБтК- нің 670-бабының 1-тармағымен хаттама толтырып, айыппұл салынды.