
2026 жылдың 30 қаңтарында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ.Оразгелдіұлы мен департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Абдыкаликова Қызылорда ашық көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар жастарға заң талаптарын сақтау, адалдық қағидаларын берік ұстану және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Ұ.Оразгелдіұлы студенттерді білімге ұмтылып, құқықтық мәдениетті арттыруға шақырды. Іс-шара соңында колледж оқытушысы ұйымдастырылған мазмұнды кездесу үшін алғыстарын білдірді.