Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізді

 

2026 жылдың 29 қаңтарында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы және департаменттің сала мамандары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттерге Әділет департаментінің негізгі қызмет бағыттары мен құзыретіне кіретін жұмыстары жан-жақты түсіндірілді. Өз сөзінде Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы жастарды құқықтық сауатты болуға, заң талаптарын сақтауға және ел болашағы атану үшін білімді болуға шақырды. Сонымен қатар, шара аясында мамандар заманауи цифрлық сервистер — жасанды интеллект чат-бот, тараптар кабинеті және робот-сот орындаушы қызметінің жұмысын таныстырды.