«Сот дауларын қарау барысында қолданыстағы заңнаманы қолдану кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары, сондай-ақ Сот актілерін орындау мәселелері бойынша әскери органдардың сот орындаушылармен өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2026 жылдың 21 қаңтарында Қызылорда облысы Әділет департаментінде «Сот дауларын қарау барысында қолданыстағы заңнаманы қолдану кезінде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары, сондай-ақ Сот актілерін орындау мәселелері бойынша әскери органдардың сот орындаушылармен өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің, Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының, Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, №66597 әскери бөлімінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.