
2026 жылдың 21 қаңтарында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ. Оразгелдінің, департаменттің сала мамандарының, адвокаттар мен нотариустардың қатысуымен «Ана үйі» қоғамдық қорының Қызылорда облысы бойынша ресурстық орталығында құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында орталық тұрғындарына тегін заң көмегі көрсетіліп, көкейтесті сауалдарына құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар қатысушыларға жаңа цифрлық сервистер — чат-бот, Тараптар кабинеті және робот-сот орындаушысының қызметі туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.