
2026 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде «Ашық есік» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға Әділет департаментінің сала мамандары, сондай-ақ нотариустар мен адвокаттар қатысып, тұрғындардың құқықтық мәселелеріне қатысты сауалдарына жауап берді. Азаматтарға жан-жақты құқықтық кеңес көрсетіліп, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, жаңа жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекші – чат-бот қызметі таныстырылып, «Тараптар кабинеті» мен робот сот орындаушы жүйесінің жұмыс істеу тәртібі туралы ақпарат ұсынылды.