Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы онлайн семинар өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы онлайн семинар өтті

2025 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы онлайн семинар өтті. Семинар барысында ҚР Әділет министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдыкова «Мерекелік кезең: әдеп, заң және жеке жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, Сот төрелігі академиясының магистранты, Қазақстанның кәсіби медиаторы Дана Мулакова «Гендерлік теңдік және мемлекеттік органдардағы сталкингке қарсы іс-қимыл» бағытында мазмұнды ақпарат ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.