М. Французованың қатысуымен нотариустарға арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар-кеңес ұйымдастырылды

М. Французованың қатысуымен нотариустарға арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар-кеңес ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында Қызылорда облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы М. Французованың қатысуымен нотариустарға арналған ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар барысында нотариат қызметіне қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда дербес деректерді өңдеу және қорғау талаптары, электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, атқарушылық жазбаларды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ жекеше нотариустардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Іс-шара аясында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті түсіндірмелер беріліп, толық әрі нақты жауаптар ұсынылды.