
2025 жылдың 18 желтоқсанында Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен Қызылорда облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинар барысында діни нанымдарды таңбауға, қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және діни экстремизм, жат ағымдардан сақтану жолдары, ұрпақ тәрбиесі жайлы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Департаменттің бөлім басшысы Э.Абдыкаликова іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, құмар ойынның зияны мен зардабы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.