
2025 жылдың 12 желтоқсанында Достық үйі сарайында ҚР Тәуелсіздік күні және Халыққа қызмет көрсету орталығының 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Қызылорда облысы Әділет департаменті тарапынан бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, департамент басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ұ. Оразгелді, «Қызылорда қаласының №1 мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» бөлімінің басшысы – аға сот орындаушы М. Бисембаев, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Г. Досмағанбетова мен А. Жақсылық Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетовтың алғыс хатымен, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының арнайы төсбелгілерімен марапатталды. Департамент басшысының міндетін атқарушы Ұ.Оразгелді сөз сөйлеп, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы А.Абибуллаеваға алғысын білдірді.