2025 жылдың жылдың 10 желтоқсанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» бағытында Қызылорда облысының Әділет департаменті мен Қызылорда қалалық прокуратурасының бірлескен ұйымдастыруымен Тасбөгет кенті тұрғындарымен кездесу өткізілді. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысының міндетін атқарушы Оразгелді Ұзақбай Оразгелдіұлы, департаменттің сала мамандары, қалалық прокуратура өкілдері, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылар қатысып, өз құзыретіне сәйкес тұрғындарға кең көлемде заң түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр маман азаматтардың өзекті мәселелеріне тоқталып, оның шешілу жолдарын ұсынды. Департамент қызметкерлері мемлекет тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беріп, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегінің тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар жаңа цифрлық мүмкіндіктер – ЖИ негізіндегі көмекші (чат-бот), Тараптар кабинеті, робот-сот орындаушы жүйесінің жұмысы таныстырылды.