Қызылорда облысының Әділет департаментінің ғимаратында студент жастарға «Ашық есік» күні өткізілді

Қызылорда облысының Әділет департаментінің ғимаратында студент жастарға «Ашық есік» күні өткізілді

2025 жылдың 10 желтоқсанында «Адал азамат» идеологиясына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы бойынша Қызылорда облысының Әділет департаментінің ғимаратында студент жастарға «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара барысында департаменттің бөлім басшылары Э.Абдықалықова, А. Косбергенова Ж.Абсат, Ш.Бегежанова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесіп, департаменттің атқаратын қызметі жайлы таныстырды. Шара барысында студент жастарға патриоттық көзқарастарды қалыптастыру, мемлекеттік қызмет атқару ерекшеліктері түсіндіріліп, жастардың көкейтесті сұрақтарына жауаптар берілді. Сондай-ақ сала мамандары Заң клиникасының студенттеріне заң аясында түсіндірме жүргізіліп, құқықтық кеңестер берілді.